Атыраулық қос ана алқа тақты

Көктемнің шуақты мерекесі – нәзік жандылар күніне орай, бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ әйел азаматтарды Салтанат сарайында қабылдады. Ұлы дала перзенттерінің қашан да әйел-аналарды құрметтеп, қыздарды қадірлей білген текті ұрпақ екендігін ерекше атап өткен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, екі анаға салтанатты жағдайда алқа тапсырды.

IMG_9591-07-03-17-01-20

Жеті бала туып тәрбиелеген Сағадат Балқасынова  «Алтын алқа», өмірге алты баланы әкелген Ләззат Шахаева «Күміс алқа» тақты. Салтанатты шараға ел аналары Ділдә Матайқызы, Алтыншаш Жағанова, Рәшила Мұрсалиева, Айсұлу Көшекова, Милят Сабыровалар құрметті қонақ ретінде арнайы қатысты.

Айта кеткен жөн, жуырда Президент Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы аналарды наградтау туралы Жарлыққа қол қойды. Оның ішінде Атырау облысынан 4 алтын, 32 күміс алқа иегері бар.

IMG_9590-07-03-17-01-20

P.S.

Бала туу көрсеткішінің жоғарылығы жағынан соңғы он бес жылда Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарымен бірге, Атырау аймағы да аталып жүр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

2 комментария

  1. Қымбат Зинелқызы

    Жеті баланың анасымын. менің байлығым – балаларым. Қызмет қуу, ол жерде қандай да бір дәрежеге көтерілу деген қай кезде де бола береді. Сондықтан, ана болу бақытын екінші орынға ысырып қоюды доғарыңдар, сіңлілерім. Ана атану – әйел бақыты.

  2. Жас ана

    Әйел адамның басты бақыты – балалы болу.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*