Атыраулық оқушылар Астананың келбетін бейнеледі

Атырау облыстық әкімдігінің маңында қаладағы лагерлер мен қосымша білім беру ұйымдарындағы оқушылар арасында сурет салудан арнайы шара өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20180623-WA0030

Шара Атырау облыстық білім беру басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. «Жазғы лагерь демалушыларының Астананың 20 жылдығына тартуы» деп аталатын шараның негізгі мақсаты – балалардың елордаға деген махаббатын сурет арқылы көрсету.

IMG-20180623-WA0028

Балалар Астана қаласындағы əдемі ғимараттардың бейнесін салды. Сонымен қатар, бұл суреттерді облыс əкімі Нұрлан Ноғаев тамашалап, балаларға өз ризашылығын білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай шаралардың өтуі балалардың сурет салуға деген қызығушылығын оятады.

«Бізде мамандырылған білім беру ұйымдары бар. Жазда баланың қабілеттілігіне қарай үйірмелерге барады. Бұл үйірмелерге қатысқан балалар сырлы бояумен, басқада қарындашпен суреттер салды. Балалар өте белсенді қатысты. Қызығушылықтары жоғары болды. Алдағы уақыттарда лагерьдегі балаларды Атырау қаласына саяхат ұйымдастырып, облыстық музейді аралататын боламыз», – деді облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова.

IMG-20180623-WA0027

Шара соңында қатысқан барлық оқушыларға алғыс хат табысталды. Ал үздік деп танылған 20 балаға құрмет грамотасымен марапатталды.

Айта кетейік, биылғы жылы қалада 53 мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмыс жасайды. Жалпы, облыс бойынша 150-ден астам лагерь қызмет жасап жатыр.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*