Атыраулық кикбоксшылар Түркиядан жүлделі оралды (ФОТО)

Атыраулық кикбоксшылар Түркия астанасы Анкара қаласында өткен Халықаралық турнирден жүлделі оралды.

30051731_2149634431923603_5527488369205265827_o

Атырау облыстық кикбокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Turkish Open» Альперен Атабай атындағы 3-ші Халықаралық турнирге әлемнің 27 мемлекетінен 2400 спортшы қатысқан.

Осындай кіл үздіктердің ішінен атыраулық кикбоксшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Данияр Юсупов бастаған спортшылар байрақты бәсекеде бабы мен бағын сынап, 1 күміс, 2 қола медалді еншілеп қайтты.

30581408_2149634498590263_9214755853695395746_n

Кикбоксшы Дәурен Керімов күміс жүлдегер атанса, Жанали Сәлімгерей мен Сержан Құсайнов үшінші орыннан көрінді.

Әлбетте, бұл Атырау кикбоксшы үшін зор жетістік, маңызды белес.

Айдос Қарабала

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*