Атыраулық кәсіпкердің жобасы 100 мың доллар көлеміндегі сыйақыны иемденуі мүмкін

Атыраулық жас кәсіпкер Әзілхан Байбатыров «Өз кәсібіңді құр» бизнес-идеялар байқауының финалына өтті. Ол ұсынып отырған жоба пластикті жинау және қайта өңдеу арқылы құрылыс материалын алуды көздейді. Осылайша, 3000 үміткердің арасынан үздік 25 жобаның қатарына ілікті.

2e435e93-5c54-4609-855d-9e1fe70309ba

Жеңімпазға 100 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалған. Қазір бизнесмен Атырау қаласында пластикалық қалдықтарды жинауға арналған 300 контейнер орнатып, 30 компаниямен келісім-шарт жасасты. Осы уақыт ішінде 100 тонна пластик және 120 тонна қалдық жиналды. Пластикті өңдеуге арналған жабдық сатып алынса, айына 1,5 мың шаршы метрлік жаяу жол плитасын өндіру цехын іске қосуға болады.

«Өз бизнесіңді құр» жобасы «Сәби» қорының қолдауымен елімізде алғаш рет өткізілуде. Осы уақыт ішінде ондаған жас кәсіпкер өз бастамаларын жүзеге асырды. Әзілхан үшін бұл байқаудың алғашқысы емес. Осыған дейін ол «Atyrau Innovations» компаниясы ұйымдастырған инновациялық бизнес-идеялар жобасына қатысып, 300 мың теңгені иемденген.

Амандық АБДОЛ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*