Атыраулық футболшы әйгілі Ибрагимовичтің голын қайталады

Футболдан Қазақстан чемпионатының 4-турында қостанайлық «Тобыл» Атыраудың командасын қабылдап, жеңіске жетті.

football__

Ойындағы есепті «Тобыл» шабуылшысы Антон Шиндер ашты. Мұнан соң қонақтар Марат Хайруллиннің көмегімен таразы басын теңестіріп кетті. Хайруллин бұрыштамадан асырылған допты өкшесімен теуіп, қақпашыдан асырып тастады.

Кездесудің бірінші бөлігі «Атырау» пайдасына шешілді. Гол авторы – Джозеф Нейн.

Екінші таймда қостанайлықтар Антон Шиндердің көмегімен алға шықты. Ал жеңіс голы Джаба Канкаваға тиесілі болды.

Ойыннан соң «Вконтакте» желісіндегі 2 млн-нан астам тұтынушысы бар «Реальный футбол» паблигі атыраулық ойыншының голын атап өтті. Парақшадағы «Хайруллин Златанның режимін қосты» деп аталатын видеоны 1 сағаттың ішінде 90 мыңға жуық адам көрді.

Еске салсақ, швед футболшысы Златан Ибрагимович 2004 жылы Италия қақпасына дәл осыған ұқсас гол соққан болатын.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*