Атыраулық депутат 3 оқушының мектепке баруына жәрдемдесті (ФОТО)

Жылыой ауданында тұрмыс жағдайы төмен отбасылар көптеп саналады. Оның үстіне қымбатшылық алқымнан қысып тұрған уақытта олардың жағдайы мәз болмайтыны сөзсіз. Мектепке бір оқушыны дайындаудың өзі қиямет. Бірақ бала сабаққа сақадай сай дайын болуы керек. Азғантай нәпақаны тамақ пен газ-суына әрең жеткізіп отқан ата-ананың баласына ала қоятын жаңа мектеп формасы да жоқ, оқу құралдарының өзі ақша жеткізбесі анық.

QpU-EUHBwhE

Міне, осы уақытта көмекке келіп, мәселені шешіп беретін жомарт жандар болады. Солардың бірі аудандық мәслихат депутаты Аманбек Мұқанов үш бірдей баланы қуанышқа бөледі. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында өткен шара қайырымдылыққа арналды. Бастан-аяқ су жаңа мектеп формасы мен сабаққа керекті құралдарын түгел алып берген кәсіпкерге ата-аналары да дән риза. Партия төрағасының бірінші орынбасары С.Таласов депутатқа алғысын білдіріп, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

r5Qatycf-tA

sDDXsCjV-d8

 Перизат ҚИЗАТОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*