Атыраулық азамат қасқыр орнына адам атып алды

Атыраулық азамат аңдаусызда қасқыр орнына адам атып алған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Vadasz6

Оқиға реті былай өрбіген. Биылғы жылдың қаңтар айында ол өзінің қасына жолдасын ертіп, 12-ші калибрлы МР-155 маркалы тегіс ұңғылы қаруымен аң аулауға шыққан. Сөйтіп, Махамбет ауданы бағытына қарай қаладан 20 шақырым жердегі тоғайлы аумаққа барған.

Жоспарланған жерге келіп, ағаштың саясына орналасқан азамат алыстан қасқырға ұқсайтын екі бейнені көреді. Алайда, олардың қасқыр екеніне анық көз жеткізбей, қаруымен атып жіберген. Осы сәтте ер адамның айғайлаған даусын естіп, өзінің қателескенін сезіпті-міс. Аң деп атқаны, адам болып шығыпты. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық Кодекстің 114-бабы, 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды және пробациялық бақылау белгіленді.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*