Атыраулық Азамат Абу-Дабиге аттанбақ

Атырау индустриалды колледжінің 3-курс студенті Азамат Елеусінов кәсіби шеберлік бойынша Абу-Дабиде қаласында өтетін дүниежүзілік «World Skils» біріншілігіне жолдама ұтып алды!  Енді ол әлемнің 200 елінен келетін жас мамандармен бірге бағын сынайтын болады.

5jdnwuujarg

Жарыстың республикалық кезеңі 13-15 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен болатын. Оны Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» холдингі ұйымдастырды. Онда атыраулық 18 студент 14 түрлі мамандық бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, Азамат алға озып, еліміздің құрамасын толықтырды. Жерлесіміз логикалық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, әрлеу мен сырлау жұмыстары бойынша сынақтардан мүдірмей өтті.

– Жалпы, жеңіс оңайлықпен келмеді. Қарсыластарым да осал емес. Облыстық білім беру және жастар саясаты мәселелері басқармаларының қолдауымен осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмын, – дейді жеңімпаз.

Атырау индустриалды колледжінің директоры Халидолла Тайпановтың айтуынша, былтырғы оқу жылында Азамат үшінші орын алып, Бразилиядағы сайысқа жолдама алған. Бірақ қаражат тапшылығынан қатыса алмапты. Енді осы жолы облыстық жастар саясаты басқармасы мүмкіндік туғызып отыр. Ендеше, жерлесімізге жеңіс тілейік!

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттер: Zhasatrau.kz сайтынан

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*