Атыраулық Аманбай әлемді мойындатты

Қызылқоға ауданының төл перзенті Аманбай Қыздарбаев туған жеріне табан тіреп, жерлестерімен жүздесті. Ауданда жақында ғана Италияның Ольбия қаласынан елге жеңіспен оралған бапкерге арналған салтанатты шара өтті.

5_fit_content_width (1)

Спортта шәкірттерін шыңдап жүрген Аманбай Қыздарбаев жақында дзюдодан ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. 72 мемлекеттен келген екі мыңға жуық спортшы арасынан 90 келі салмақта топ жарған ол ел абыройын асқақтатқан болатын.

Ардагер спортшымен өткен кездесуге танымал азаматтар қатысып, оның өзге жерде елдің көкбайрағын желбіреткен ерлігіне ризашылықтарын білдірді. «Ыстық ықыластыарыңыз үшін рахмет. Аталған додаға біздің Қазақстаннан 26 балуан барып, қатысып қайттық. Солардың ішіндегі екі алтынның біреуі маған бұйырды. Нәтижесінде еліміз жалпы командалық есепте үздік ондықтан көрінді» деді ол өз сөзінде.

Мәлике МӘЛІК

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*