Атыраулық аңыз – Андашевтің атында ашық турнир өтті (+ФОТО)

Атырау қаласында КСРО спорт шебері Қамбар Андашевті еске алуға арналған дәстүрлі жасөспірімдер арасында бокстан ашық республикалық турнир өтті.

2018_11_02_043520897900

Оған Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар облыстарынан және Өзбекстан республикасынан былғары қолғап шеберлері қатысты. Нәтижесінде, Құрманғазы ауданы Ломоносов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Аялан Құмарғалиев 66 келі салмақ дәрежесінде  бірінші орынды жеңіп алды. Кейінгі кездері көптеген жарыстан жүлделі оралып жүрген балғын боксшыны Құрмағазы аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің бокстан жаттықтырушысы Есбол Байдошев дайындап алып барды.

Айбек НӘЖІМОВ

«Атыраудың» анықтамасы:

Қамбар Сағынұлы Андашев 1957 жылы 30 қыркүйекте Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында дүние келген. Бала күнінен спортқа жақын болып, 1975 жылы орта мектепті бiтiргеннен кейiн, Алматы мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт институтына оқуға түскен. 1979 жылы туған ауылы Махамбетте балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек жолын бастайды. 1980-2000 жылдар аралығында жаттықтырушы, мектеп директорының орынбасары болып еңбек етті. 2000-2001 жылдарда Махамбет аудандық туризм және спорт бөлімiнің бастығы қызметін атқарды. Қамбар Андашев осы спортты жанына серiк еткен жылдар ішiнде оның шәкірттерi түрлі жарыстардың жеңімпазы болды. Бокстан КСРО-ның спорт шебері. 

20181001004238

7eb3d6ed-3271-47fc-a018-de513fc9

c20cac4e-1810-4d8a-87f4-959bc1e3

7f419890-02c6-4e22-bef6-7cb173db

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*