Атыраулық 40 азамат әскери борышын өтеуге аттанды

Отан қорғаушылар күні қарсаңында атыраулық 40 азамат ҚР Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеуге аттанды. Отан алдындағы міндетін абыройлы атқаруды мақсат еткен болашақ жауынгерлерді жерлестері салтанатты түрде шығарып салды. Жеңіс саябағында өткен салтанатты шараға жалынды жігіттердің туған-туыстары, ардагерлер, мемлекеттік органдар өкілдері мен достары  жиналды.

1398593491_preview_346b74f056ee4bda742beeb2e953f062

Олардың қай-қайсысын да ата-ана, туғандарына, туған жеріне деген қимастық сезім билеп тұрғаны анық. Бірақ, Отан алдындағы міндет бәрінен де биік тұрады. Жас жауынгерлерге Атырау облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары, полковник Андрей Беляев ақ жол тіледі.

– Отанды қорғау – еліміздің әр азаматының басты парызы. Сіздерге ел үміт артып отыр, – деді Андрей Беляев. – Соңғы екі жылдан бері Отан қорғауға ниет білдірушілер саны артып келеді. Биыл Атырау облысынан 14 адам мемлекеттік күзет қызметіне шақыртылды.

Әскердегі қызмет – абыройлы міндет. Әскер қатарына шақырылушылар осы қағиданы мықтап ойға түйгенін байқадық. Махамбет ауданынан әскер қатарына аттанып бара жатқан Мәлік Сүйеуғалиев еліміздегі қоғамдық тәртіпті, ел тыныштығын сақтауға өз үлесін қосатынын айтты.

  • Әскерде қызмет ету – менің жеке қалауым. Келген соң Қазіргі заманғы Каспий маңы колледжіндегі білімімді жалғастырамын. Әскердегі шыңдалу мектебінен сүрінбей өткен әр жас үшін кемел келешекке барлық жол ашық деп ойлаймын, – дейді Мәлік.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*