Атыраудың Құрманғазы ауданында балық аулау ережесін бұзған 60 іс анықталған

Биылғы жазда Атырау облысының Құрманғазы ауданында балық аулау ережесін бұзған 60 факті анықталған. Бұл туралы Құрманғазы аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде «Балық және балық өнімдерінің заңсыз айналымы, браконьерлікке қарсы күрес және осы бағыттағы өзара іс-қимыл барысында туындаған өзекті мәселелер туралы» тақырыбында өткен ведомствоаралық мәжілісте аудандық Ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жеткіншек Жағыпаров мәлімдеді.

Изображение 016

Мәжіліс барысында сөз алған аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жеткіншек Жағыпаров биыл жазда 4 келі қара уылдырықпен 1, «Бекіре-2017» профилактикалық шарасы басталған күні-ақ 10 келі бекіре балығымен бір шетелдік ұсталғанын жеткізді. Тексеру барысында бүгінге дейін балық аулау ережесінің талаптарын бұзған 60 факті анықталған. Бұлар балық аулау кооперативтерінен емес, жеке тұлғалар көрінеді.

– Балық аулау ережесі біздің ауданда өте көп бұзылады. Жаңа иесіз ауды өзен бойынан суырып алдық дейді. Айтайын дегенім жедел қимылдау деген болады. Су бойында ау бар ма, демек оның иесі жоқ емес. Олар тасадан сіздердің келгендеріңізді көріп отыр. Басқа адам барса бірден жетеді. Аулаушы балығын алуға келгенде аңдып тұрып ұстау керек. Әйтпесе «менікі еді» деп кім мойындайды? Бізде «браконьер» ретінде есепке алу деген жоқ. Іздеуде жүрген адам емес пе, мойынында борышы болғандықтан шетелге шығуына тыйым салынған ба, төлқұжаты дұрыс па осыны тексереміз, – деп, билет алған адамдардың қалай жұмыс жасап жатырғанын кооперативтер өздері бақылауда ұстасын, дұрыс атқармаса келесі жылы балық аулауға рұқсат етпесін, қарауындағы балықшылардың бізге тізімін берсін деген ұсыныстар жасады.

Қанат ҒҰМАРОВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*