Атыраудың Ақсай ауылына жаңа әкім сайланды

Бүгін Атырау қаласына қарасты Ақсай ауылдық округіне жаңа әкім сайланды. Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы анықтағандай, сайлауға түскен үш кандидаттың ішінен Серікбай Қазиевке берілген дауысы саны басым болды.

serikbai_kaziev

Саяси науқан барысында алдымен сайлаудың тәртібі түсіндіріліп, содан соң депутаттар дауыс беруге кірісті.

– Сайлауға барлығы 20 бюллетень алынды. Оның 17-сі толтырылуы керек болғанымен, қатысушылардың санына байланысты 16-сы белгіленді. Сайлауға түскен Шынар Жұпқалиева мен Жаңылсын Урымбасарова екі-екіден дауыс жинады. Дауыстың қалған бөлігі Серікбай Қазиевке берілген. Сондықтан, Ақсай ауылдық округінің әкімі болып осы азамат сайланып отыр, – деді Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Алмабек Абдолов.

Айта ктейік, Серікбай Қазиев 2014 жылдан қазіргі уақытта дейін Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген болатын.

Мәлике МӘЛІК

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*