Атыраудың 4 ауданында мәйітхана салынады

Бүгінде облыста 22 аурухана мен 84 амбулаторлы – емхана медициналық қызмет көрсетеді. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева Өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

bolnica

Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, медициналық мекемелерді цифрландыру ісіне көп көңіл бөлінуде. Cондай-ақ, өңірде 141 медициналық нысан толықтай ғаламтор желісіне қосылған.

-Инвесторлар қаржысымен өңірде фельдшерлік-амбулаториялық нысандар мен дәрігерлік амбулаториялар салынуда. Құрылыс жұмыстары Исатай ауданындағы Нарын ауылында, Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылы мен Қызылқоға ауданындағы Қарабау ауылында, Тасқала елді мекенінде басталды және Құрманғазы ауданында 75 орындық аурухана салынады, – дейді Мәншүк Аймұрзиева.

Жиында Атырау облысындағы 4 ауданда мәйітхана салу жоспары айтылды. Олардың жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

Айта кетейік, қазіргі таңда Жылой және Қызылқоға аудандарында мәйітхана бар.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*