Атыраудан шыққан керуен арқаға бет алды

17-18 қыркүйекте облысымыздың Астанадағы күндері өтеді

Рухани мереке сыйлаймыз

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba%d1%82%d0%b0%d1%80

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтай Сүлейменов баспасөз конференциясын өткізді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде Алтай Өмірзақұлы аймақта саланы дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Жыл аяғына дейін көптеген іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтсам, қыркүйекте Халық батыры Исатай Тайманұлының 225 жылдығына орай «Елім менің» атты мүшәйра, облыстық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады. Ал, қазанда ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, сазгер, күйші-домбырашы Қаршыға Ахмедияровтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Артына күмбірлеген күйі қалған» атты еске алу кеші, жеке домбыра орындаушылардың аймақтық байқауы, «Күй аспанының Қаршығасы» атты көрмесі өтеді. Сонымен қатар, қарашада Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, музыка танушы, сазгер, профессор Илья Жақановтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Еділ мен Жайық» атты II Халықаралық ән байқауы мен шығармашылық кеші ұйымдастырылмақ. Ал, қазан айында Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Хамит Ерғалиевтың 100 жылдығына арналған бірқатар шаралар жоспарланып отыр, – деді, басқарма өкілі.

Бұдан соң, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында қыркүйек айының 17-18-і күндері «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Атырау облысының Астана қаласындағы күндері жөнінде толығырақ ақпарат беруді сұрады.

– Бұл сапарға облысымыздан 260-тан астам өнерпаз қатысады, кәсіби шығармашылық ұжымдар мен аудандардың өнер иелері барады.

Қыркүйектің 17-сі күні таңертеңгі сағат 10.00-де «Хан шатыр» ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы алаңында Атырау ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Жылыой, Мақат, Махамбет аудандарының өнер ұжымдары концерт ұсынады. Сол күні сағат 16.00-де «Бейбітшілік және келісім» сарайы фойесінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұжымы астаналықтарды өлке тынысынан сыр шертетін көрмені тамашалауға шақырады. Мұнда 265-тен астам жәдігер көрермен назарына ұсынылмақ. Соның ішінде, күйшілер мен термешілердің домбыралары таныстырылады. Айта кетсек, бұған дейін, бұл домбыралар қордан шықпаған. Ал, атыраулық өнерпаздардың гала-концерті біріктірілген «Нарын» және Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы Айтқали Жайымовтың «Тойбастар» күйімен бастау алады.

Мәдениет күндері 18 қыркүйекте жалғасын табады. Астана қаласының Жастар театрында Атырау облыстық Махамбет атындағы қазақ-драма театры әртістері Шыңғыс Айтматовтың «Мәңгүрт» қойылымын тарту етеді, – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Алтай Сүлейменов.

Атырау облысында барлығы 281 мемлекеттік мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Оның 156-сы – кітапхана, 95-сі – клубтық мекеме, 16-сы – музей, театр, концерттік ұйымдар, халық шығармашылығы орталықтары және т.б.

Мәдениет саласын қаржыландыру

бойынша биыл 1 408 296,0 мың теңге қаржы қаралды.

 

2016 жылы 1300 орындық бес мәдениет үйінің құрылысы жүзеге асырылуда.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*