Атыраудан Франкфуртке ұша аламыз

2018 жылдың 26 наурызынан бастап «Эйр Астана» ұлттық тасымалдаушы әуе компаниясы Атырау мен Франкфурт арасында дүйсенбі және жұма күндері Airbus A321-де екі класты ұшағымен ұшуды бастайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

атырау

Атыраудан Франкфуртқа ұшу уақыты 5 сағатты құрайды. Ұшу Lufthansa-мен кодшеринг туралы келісімі аясында жасалады. Өткен жылдың наурыз айында Астана мен Франкфурт арасындағы кодшеринг келісіміне қол қойылған сәттен бастап, «Эйр Астана» Франкфурттегі 1-ші терминалына рейстерін ауыстырған. Бұл екі әуекомпания арасындағы рейстің түйісу уақытын қысқартты. Атырау-Франкфурт рейсі – Франкфурт және Қазақстанды байланыстыратын үшінші бағыт, рейс Астанадан күнделікті, Оралдан апта сайын қатынайды. Сондай-ақ, жолаушыларға аптасына Алматы мен Франкфурт арасында кодшеринг келісімі аясында Lufthansa-мен орындалатын жеті рейс қол жетімді.

Еңлік СҰЛТАН

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*