Атырауда жылу берілу үшін 3 күн бойы 8 градус салқын болуы керек

Атырау облысында үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беру нақты бір датаға байланысты емес екен. Жылу берілу үшін 3 күн бойы ауаның орташа температурасы 8 градус нөлден жоғары болса жеткілікті көрінеді.8540af1e535a16960acf5fd2d2b364d9

– Неге екені белгісіз, әлеуметтік нысандарға жылу 1 қазан күні, ал тұрғын үйлерге 15 қазанда беріледі деген пікір қалыптасқан. Бірақ олай емес. Ауруханаларға, балабақшалар мен мектептерге кез келген уақытта жылу беруге дайынбыз. Егер ауаның орташа температурасы үш күн бойы 8 градус нөлден жоғары болса, тұрғын үйлерге жылу беріледі. Орташа температура былай анықталады: түндегі ең төмен көрсеткіш пен күндізгі ең жоғары көрсеткіш алынады. Цифрлар қосылып, екіге бөлінеді. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті шешімімен басқа температуралар жағдайында да жылу беріледі, – деп мәлімдеді Атырау жылу электр орталығының еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық жетекшісі Михаил Борисенко.

Оның айтуынша, жазда сағатына 160 тонна бу жіберуге қауқарлы екі бу қазандығы жөнделді, тағы бір қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталып қалған.

Қазіргі кезде Атырауда ауа температурасы түнде 5 градустан төмен түспейді, ал күндіз 17 градусқа дейін жылынады.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*