Атырауда журналистерге ағылшын тіліп үйретіп, бейнеблогер мектебін ашпақ

Облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігі» тақырыбында өңірлік форум өтті.

b58e20e1c60c1fb6676b8404b5478661

Оған жеті қоғамдық бірлестік пен аймақта табысты еңбек етіп жатқан онға жуық мекеме өкілдері қатысты. Мұнда бизнес құрылымдарымен әлеуметтік әріптестік орнату жайы сөз болды. Аталған басқарма басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам өзара әрекеттесе қызмет етуі тиістігін қадап айтты. Өйткені, кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері әлі де тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді талап етеді. Осы орайда, жаңа жобалар ұсынылды. Бірі қайырымдылық шараларға, енді бірі экология саласына бағытталды. Тіпті, журналистерге ағылшын тілін үйрету мен бейнеблогер мектебін ашуға да ұсыныс жасалды.

Амандық АБДОЛ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*