Атырауда әжейді банкоматтан ақша алып беремін деп алдап кеткен жігіт іздестірілуде

Аудандық пошта байланыс торабынан егде адамдарды жиі кездестіреміз. Әсіресе зейнетақы алатын күндері. Жақында мынадай бір оқиға орын алыпты. Мұны айтқан адам есімін атамауды өтінді, өзі өте ренішті.

448f7ddda845f349f9d6dbe23174b8

Таяғына сүйенген бір әже жанында тұрған немересіндей бір жасқа: – Балам, мынау қартым мен өзімнің кәртішкем, ол үйде сырқаттанып қалды, ана жәшіктен пенсиямызды алып беруге жәрдемдес, біздің күн көрісіміз сол ғой, – деп екі бірдей банкоматты қолына ұсыныпты.

112541005559

«Жақсы» деп оңай келісе кеткен әлгі жас жігіт сәлден соң: – Мынау өзіңіздікі, ал, атанікі әлі түспепті, – деп екі банкоматты ақшамен бірге қолына ұстатады. Алғысын жаудырған әже ертесіне қайтып келіп мұндағы мамандардан шалының зейнетақысының кешігу себебін сұраса, олар тексеріп көріп: «Сіз кеше алыпсыз ғой – дейді. Демек, кешегі уыздай жас алдап соққан. Әжеміз болса бүкеңдеп көзін орамалымен сүрткіштеп жылап бара жатады. Немеремдей – немерем ғой деп шанғандағысының соңы мынау. Бәрі –баршасын жабырқатқан бұл оқиға естіген бізді де сан тарау күйге түсірді.

 Таңатар ДӘРЕЛҰЛЫ.

Құрманғазы ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*