Атырауда жекпе-жектен əлем чемпионаты өтеді

Шараның ашылу салтанаты 1 желтоқсан – ҚР Президенті күніне жоспарланып отыр. Чемпионат мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20171121-WA0005

Жекпе-жек облыстық федерациясының президенті Мəдихан Бекбенбетовтің айтуынша, əлем чемпионатына қатысуға Атырауға 20-ға жуық алыс, жақын шетелдерден спортшылар келеді.

IMG-20171121-WA0004

– Чемпионат 10 салмақ дəрежесі бойынша өтеді,-дейді Мəдихан Бекбенбетов. -Эстрада мен спорт жұлдыздарының қатысуымен көрермендер үшін шоу-бағдарлама дайындап жатырмыз.

Айта кету керек, жекпе-жектен əлем чемпионаты Қазақстанда алғаш рет өткелі отыр.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*