Атырауда жедел жәрдем көлігінің науқасқа келу уақытын жеделдету қарастырылуда (ВИДЕО)

Атырауда жедел жәрдем автокөліктері сарғыш түске боялады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-01 at 10.01.25 (1)

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, бүгінге дейін 6 автокөлік – «Форд Транзит» және 4 «Хюндай» маркалы автокөліктері боялған.

Алдағы уақытта кезек бойынша қалған санитарлық автокөліктер боялады. Әйтпесе, ақ түстегі автокөлік басқа жол қозғалысындағылар арасында байқалмай қалады, – дейді Атырау қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнафис Таңбаева.

Қазіргі таңда Атырауда 92 жедел жәрдем көлігі бар. Атырау облысындағы бригадалар жұмысын жеделдету үшін 2017 жылдың соңында диспетчерлік қызметті автоматтандыру программалық кешені бойынша жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні Атырау қаласының барлық бригадалары планшеттермен жабдықталған, бұл қоңырауларды рация немесе телефонды қолданбай-ақ бригадаға жеткізуге мүмкіндік береді, – дейді Гүлнафис Таңбаева.

Облыстағы жазатайым оқиғаларды азайту мақсатында жыл басынан бері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша 50 ерікті оқытылды. 2017 жылы 37 ерікті алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқудан өтті.

Айта кетейік, көліктер 28 сәуір күні, яғни «Жедел жәрдем» күні боялды.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*