Атырауда жайылымдар мәселесі қашан шешімін табады?

Жуырда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданында өткізілген көшпелі мәжілісте мал шаруашылығы үшін жайылымдарды суландырудың маңызды екенін атап айтқан еді.

????????????????????????????????????

Ең бастысы, атакәсіпті табысты дамыту үшін жайылымдарды тиімді пайдалану дәстүрін берік сақтауымыз қажет. Әрине, осы тұрғыдан келгенде, жылдар бойы қордаланып қалған, оңтайлы шешімін күткен проблемалар да жеткілікті.

Бұл – біріншіден, жайылымдық жердің деградацияға ұшырауы (ол жалпы жайылымдық жердің 35 пайызын қамтиды);  екіншіден, жайылымдық жердің жекеменшікке ұзақ жылдарға жалға беріліп, оның тиімді пайдаланылмауы немесе мақсатты игерілмеуі; үшіншіден, жайылымдық алқаптарды пайдалануда ұйымдастырудың және басқарудың ғылыми тұрғыда негізделген жүйесінің жасақталмауы.

Селолық елді мекендердің аумағы (радиусы 10-15 шақырым-ға дейін) жеке қожалықтардың мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Бұл жағдай ауылдың айналасындағы жайылымдық жерлердің шектен тыс тапталып, тақырға айналуына әкеліп соқтырды. Ауа райының алмасып өзгеруі, ауыл шаруашылығы саласын реформалаудың толықтай аяқ-талмауы, басқа да факторлар мал шаруашылығының ойдағыдай дамуына мүмкіндік бермеді.

Кезінде ел көлемінде мал жа-йылымдарын суландыру мақсатында 300-ге тарта ұңғыма қазылды. Кейіннен жер иелерінің өзгеруіне және жайылымдардың жекеменшікке берілуіне байланысты, суландыру құрылымдары мен құдықтарды күтіп баптауға маманданған мекемелер жабылып, машиналар мен қондырғылар таратылып, әркімнің қолында кетті. Соның салдарынан Қазақстанда жайылымдарды суландыру, құдықтар мен ұңғымаларды, мал суаратын құрылымдарды қалпына келтіру – күрмеуі қиын күрделі мәселеге айналды. Жайылымдық учаскелердегі  суландыру құрылғы-қондырғылар қараусыз, иесіз қалды. Ашығын айт-қанда, қожасынан айырылған мүліктер ұрланып, бұзылып, талан-таражға түсті.

Қазіргі таңда фермерлік ша-руашылықтар мен шаруа қожалықтары пайдаланып отырған мал жайылымдық жерлерін өз аттарына аударып заңдастырмағандықтан, оларды суландыру мәселелерін шешу де қиынға түсуде. Заңды түрде меншік иесі танылмағандықтан өз кезегінде шаруагерлер де бұған  құлықсыз болып отыр.

Осыған байланысты бүкіл республика аумағындағы мал жайылымдарын қамтитын суландыру құрылымдарына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың  төлқұжаттарын қайта жасақтап, қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру  қажет. Тік ұңғылы құдықтарды су көтеретін қон- дырғылармен жабдықтау керек. Осы ретте, бірінші кезеңде 10 млн. гектар жерді пайдаланып, негізгі жайылымдарды сумен қамтамасыз ету көзделуде. Суару жүйелерінің техникалық жағда-йын, шахталық, құбырлық құдықтарды қалпына келтіру мүмкіндігін және қаржылық жағынан ұтымдылығы анықталуда. Өйткені, барлық суландыру жүйелері 1991 жылға дейін тұрғызылған және олардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Соны ескере отырып, бұрын салынған, бірақ әзірге істен шықпаған шахталық және құбырлық құдықтарды жаңғыртып, жайылымдық учаскелерді сумен қамтамасыз ететін жаңа нысандарды (имараттарды) тұрғызу қажеттілігі   туындайтынын да айта кеткеніміз жөн.

Дұрыс, талапқа сай пайдаланылмағандықтан қолданыста   болған суландыру қондырғыларының 70 пайызы тиісті мерзіміне жетпей істен шығып қалған. Осындай жағдай жартылай шөлді-шөлейтті аймаққа жататын, еліміздің батысында орналасқан Атырау облысын да айналып өтпегендігі ақиқат. Құм Нарын мен Тайсойған, Кең Жылыойдың бұрынғысы мен бүгінгісін кез келген ауыл тұрғыны, сол заманда еңбек еткен адамдар жақсы біледі, естерінде сақталған шығар деп есептеймін. Және осы жазғандарыма үн қосып, ой-пікірле-рімен бөліседі ғой деген ойдамын.

Сайып келгенде, еліміздегі жайылымдар мен жайылыстардың тығырыққа тірелген ауыр ахуалын есепке алып, алдағы уақытта республика Үкіметі осы саладағы қызметтерді реттейтін заңнамаларға өзгерістер енгізіп, нақты бір шарасын алады, деген үміттеміз.

Бұған жергілікті өкілді органдар, атқарушы билік тармақтары өздеріне бекітілген аумақта жа-уапты, жанашыр болуға тиіс. Ол үшін есептегі  жайылымдық жерлерге ревизия жасап, пайдаланылмай жатқандарын қазынаға қайтарудың қамын жасағаны дұрыс. Абзалында, өткен жылдың ақпан айында қабылданып, күшіне енген «Жайылымдар туралы» ел заңы осы айтылғандарды ретке келтіретініне кәміл сенемін.

Ұзаққали ЕЛЕУБАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*