Атырауда жатақхана жайы жақсарады

Елбасы Үндеуіндегі жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартудағы бастамасы көптің көңілінен шыққан оңды шешім болды.

Screenshot_1

Болашақ кадрларды даярлау мәселесінде әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастырып, қазір бөлінетін 54 мың грантқа қосымша келер оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керектігі айтылды. Бұл – өте қуанарлық жағдай. Жастардың тегін білім алуына берілген мүмкіндік жаңа технологиялар мамандықтарын қамтиды. Соның ішінде экономика сұранысына сай инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласы кадрларын даярлауға басымдық беріліп отыр.

Сондай-ақ, студенттердің тұратын жеріне қажетті жағдай жасау маңызды.

Қазір облыс бойынша 26 оқу орны бар. Оның ішінде үш жоғары оқу орнының екеуі – мемлекеттік, біреуі – жеке меншік. Жоғары оқу орындары бойынша студенттің барлығы жатақханамен толық қамтылып, сұраныс толық игерілген. Ал, кейбір арнаулы және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында жатақхана жетіспеушілігі бары жасырын емес. Мәселені шешуге Мемлекет басшысының бүгінгі Үндеудегі бастамасы үлкен мүмкіндік беріп отыр.

2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салу жұмыстары тапсырылды. Бұл міндет уақытылы, жүйелі іске асса, барлық өңірлердегі студенттердің тұрғынжайға деген сұранысы біржола шешімін табады.

Ринат  ҒИЛАЖЕВ,

«Жас Отан» жастар қанаты

облыстық  филиалының төрағасы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*