Атырауда жасырын цех табылды

Атырау облысында жасырын екі цехтан 15 тоннадан астам балық табылды.

20180313002550

«Балық пен балық өнімдері Исатай ауданы Амангелді ауылындағы және қала маңындағы Ақжайық кентіндегі «Құрметті» ЖК-ға тиесілі қоймалардан табылған. Мұнтаз тектес балық, сондай-ақ мұздатылған, қақталған және ысталған балық тәркіленді.

Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы  15 тоннадан асады. Балықты тәркілеу операциясын Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен Атырау облысы бойына ҰҚК департаментінің қызметкерлері жүргізді.

Бұған қатысты ҚР ҚК 196-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлім етті Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің аға маманы Олег Тушканов.

Қазіргі уақытта ҰҚК облыстық департаментінің тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Еңлік СҰЛТАН

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*