Атырауда «Zhastar times» форумы өтті (+ФОТО)

Санаулы айлардан соң аймақтағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ең алғашқы түлектері жоғары білімдерін аяқтайды. Осыған орай оларды жұмысқа орналастыру,  өңірде сұранысы жоғары мамандықтарды таныстыру мақсатында оқу орнында «Zhastar times» мектеп түлектерінің форумы өтті.   

Zhas times форум выпускников НИШ (36)

Zhas times форум выпускников НИШ (46)

Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған басқосуға облыстық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік басқармалардың өкілдері, ата-аналар мен оқушылар қатысты. «Облыстағы аталмыш білім нысаны аймақта биыл алтыншы жыл табысты қызмет етуде. Осы уақыттан бері оқу орнын 500-ден аса түлек тәмамдады. Бүгінде алтын ұямыздан түлеп ұшқан жастар еліміздің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі университеттерінде кәсіби білім алуда. Биылғы ерекшелік, аймақтағы Назарбаев зияткерлік мектебін бітірген шәкірттеріміздің алдыңғы легі санаулы уақыттан соң жоғары білімдерін аяқтайды. Бұл ретте Елбасының  еңбек нарығын отандық мамандармен толықтыру, өндірістік мекемелерде кадр тапшылығын азайту мақсатындағы тапсырмасына сәйкес осы форумды қолға алдық. Сондай-ақ, мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру, оларды үлкен өмірге әзірлеуде де бұл шараның маңызы зор. Сонымен қатар, форумның биылғы Жастар жылымен тұспа-тұс келуінің де мәні бөлек» деді білім ордасының директоры Айдарбек Айтбөкешев.

Zhas times форум выпускников НИШ (52)

Zhas times форум выпускников НИШ (54)

Zhas times форум выпускников НИШ (60)

Жиында Қазақстанда және шетелдердің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер аталмыш мектептің жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдау және кәсіби білім алу жөніндегі өз ойларымен бөлісті. Форум барысында «Медицина және жаратылыстану ғылымдары», «ІТ технологиялар», «Инженерия», «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар», «Химия өнеркәсібі» сынды тақырыптық секциялар ұйымдастырылып, диалог алаңдары құрылды. Республикадағы  зияткерлік мектептердің түлектер қауымдастығының вице-президенттері Аяжан Рүстемова мен Дамира Жанзақова мұндай кездесулер қызықты жобалар мен жаңа бастамалардың пайда болуына серпін беретінін айтты. Бұдан басқа, алыс және жақын шетелдердегі түлектерден бейнесәлемдемелер тыңдалды. Олар студенттік өмір, елімізді шетелдіктерге таныту, мектептен алған білім мен дағдыларын өмірде пайдалану жөніндегі ойларымен бөлісті. Жиын соңында бірқатар үздіктерге төсбелгілер, Алғыс хаттар табыс етілді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Zhas times форум выпускников НИШ (78)

Zhas times форум выпускников НИШ (110)

Zhas times форум выпускников НИШ (151)

 

Ернар КӨБЕГЕНОВ,

мектеп түлегі:

– Мен бүгінде Германияда бакалаврь дәрежесін толықтай ағылшын тілінде оқып жатырмын.  Бейтаныс елде білім алу бастапқы кезеңде қиындық тудырғанымен, қазір бәріне үйреніп-ақ алдым. Кез келген мектеп түлегінің немістердің жоғары оқу орындарының біріне түсуге мүмкіндігі мол. Ең бастысы, мамандықты дұрыс таңдап, алға ғана талпына білу маңызды.

Zhas times форум выпускников НИШ (152)

Zhas times форум выпускников НИШ (162)

 

 

Забира БИСАЛИЕВА,

 

Қытай елінде білім алушы:

– Назарбаев зияткерлік мектебінің алғашқы түлектерінің бірімін. Қазір Қытай елінің   Нанкин қаласында  мемлекеттік технологиялық университетінің құрылыс және инженерия факультетінде оқимын. Мұнда мен ең алдымен қытай тілін еркін меңгеріп алдым. Оқу орнында жеткен жетістіктерім де аз емес. Алдағы уақытта бұған дейінгі алған білімімді Қазақстанның дамуына арнап, өз үлесімді қоссам деймін.

Zhas times форум выпускников НИШ (163)

Zhas times форум выпускников НИШ (186)

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*