Атырауда жаңа көше шамдарын арнайы диспетчерлік пункт қадағалайды

Атырауда жаңа орнатылған көше шамдарын арнайы диспетчерлік пункт қадағалайтын болады.

WhatsApp Image 2018-06-15 at 17.15.09

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бүгінде Атырау қаласы мен оның маңындағы елді мекендерге жарық шамдарын жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басынан бастап LED-шамдары іске қосылуда. Жаңа LED-шамдары энергия қуатын үнемдеуге көмектеседі.

«LED-шамдарының ерекшелігі сол, оны қуат көзінің түсетін аумағына қарай азайтып немесе көбейтуге болады. Сондай-ақ, бұл шамдарды арнайы қадағалайтын диспетчерлік пункт жұмыс жасайды. Олар электронды жүйеде шамдардың жанып немесе жанбай тұрғанын анықтайды. Жаңа жобаның мерзімі 10 жыл», – дейді облыстық энергетика басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Игалиев.

2017 жылдан бастап «Атырау қаласындағы көше жарығы желісінің құрылысы және пайдалану» жобасы іске асырылып келеді. Аталған жоба бойынша Атырау қаласының 39 көшесін жарықтандыру жоспарланған. Ал, құрылыс жұмыстары 2 кезеңге бөлініпті.

«2017 жылы LED-шамдары 19 көшеге жүргізілген болса, биыл 20 көшеге шам жүргіземіз. Сонымен қатар, қаланың сыртқы аумағындағы 7 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарда бар. Бұл жобалар осы жылдың соңында аяқталып, тапсырылады», – дейді облыстық энергетика басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Игалиев.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*