Атырауда жаңа көпір ашылды

Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық өзені арқылы өтетін жаңа көпір ашылды.

Нысан транзиттік жүк тасымалын жандандыру бағдарламасы аясында іске қосылып отыр. Бұл – мұнайлы өңірде автокөліктер үшін Жайық өзені үстінен салынған жетінші көпір.

IMG_5456-30-11-18-06-36

Көпірдің ерекшелігі сол, ол толықтай тірексіз темір-бетон қондырғыларынан құрастырылған. Жалпы, көпірдің ұзындығы 860, ені 13 метр болса, ең үлкен қанаты 120 метрді құрайды. Ал, екі жолақты автокөлік жолының ені – 10 метр. Мұнда жаяу жүргіншілер жолы да қарастырылған.

Көпірдің жүк көтергіштігі 180 тоннаға шақталыпты. Оның құрылысына тек отандық өнімдер қолданылған.

Жаңа көпірдің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Сенат және Мәжіліс депутаттары қатысты. Сондай-ақ, салалық басқарма, бөлім басшылары, ел зиялылары, аудан тұрғындары жиналды.

FB_IMG_1543599573415

«Бұл көпір – Махамбет ауданының ғана емес, барлық атыраулықтардың, көршілес облыстардың көптен күткен қажеттілігі. Жаңа нысан  тың технологиямен салынған Қазақстандағы алғашқы көпір. Тиімділігі, қаражат құнының салыстырмалы түрде арзандау екені, тез уақытта салынатыны ескеріліп, қазіргі уақытта мұндай тірексіз темір-бетон технологиясы басқа жерлерде де қолданылуда. Ағайындардың аралас-құраластығын жақындататын, облыстың, ауданның дамуына үлкен ықпал ететін маңызды көпір болғай! Жаңа нысан игіліктеріңізге жарасын!» деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

FB_IMG_1543599578982

Айта кетейік, көпір «Ақтөбе–Атырау–Астрахан» және «Атырау–Орал» бағытындағы жол қатынасы мен жүк тасымалын жеңілдетуге сеп болмақ. Нәтижесінде, жол қашықтығы жүздеген шақырымға қысқарып, жүргізушілер қалаішілік кептелістен құтылады. Жайық өзені бойындағы аудан тұрғындарының барыс-келісі оңай болады. Елдімекендерде шағын және орта бизнес дамиды.

Алдағы уақытта көпір жанынан логистикалық орталық және жанар-жағармай құю станциясы салынады деп жоспарлануда.

Айдос Қарабала

Фото: Рахим Қойлыбаев

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*