Атырауда өзен вокзалы пайда болады

Атырауда өзен вокзалының жобасы дайындалуда, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

b5bdded8-5c9c-4666-ab39-ed9e78afa9b6

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов жергілікті кәсіпкерлер және тауар өндірушілермен кездесу барысында мәлімдеді.

-Қазіргі таңда әкімдік жылу маусымында өзен трамвайлары жүретін екі айлақты бөліп берді. Біз сіздің рұқсатыңызбен осы аумақты тазалап, көгалдандырып, онда гүлдер өсіріп, орындықтар қойсақ деп едік, – деп әкімге ұсынысын білдірді «Амангелді» ЖШС директоры Сәбит Сағидуллин.

746fb249-c69e-4d3d-ad4f-e84058218d94

Бұл сауалға Серік Шапкенов оң жауабын берді.

– Атырауда өзен вокзалын салғымыз келеді, оның жобасы әзірленуде. Ол мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асырылатын болады. Жоба бойынша қайда және қалай орнату керектігін де айта аламыз. Егер сіз аумақты қабылдауға дайын болсаңыз, оны көгалдандырып, өсіріп, баптаңыз және жаңа жұмыс орындарын ашыңыз. Біз сізге осы мүмкіндікті береміз, – деді әкім.

Қала әкімінің айтуынша, Жайық – Еуропа мен Азия арасында ағып жатқан бірегей өзен, ол Атырау қаласына арналған визит карточкасы болып саналады. Ал өзен вокзалы Қазақстанның мұнайлы астанасына туристерді тарту үшін жаңа мүмкіндік.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*