Атырауда заңсыз балық тасымалдаған азаматқа айыппұл салынды

Индер қалашығы тұсында  автокөліктерді тексеру барысы кезінде салмағы 525 килограмм «сазан» балықтары табылды. Бұл туралы Атырау қаласының мамандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

сазан

Сот қаулысымен  заңсыз балық тасымалдаған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 24 050 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Алынған балықтар мемлекет пайдасына тәркіленді.

 

Еңлік СҰЛТАН

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*