Атырауда қысқы спартакиада басталды

Атырауда колледж және мектеп оқушылары арасында тоғызыншы қысқы спартакиада өтуде. Шара Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес 11 қаңтар мен 8 ақпан аралығына белгіленген.

DSC_0888

Сайыс спорттың бес түрінен – шайбылы хоккей, шаңғы, биотлон, қысқы президенттік көпсайыс және ұлдар мен қыздар футзалынан өткізілді. Биылғы жарыс шайбылы хоккейден бастау алды. Сайысқа қатысқан бес команда ішінен Атырау құрама командасы республикалық жарысқа жолдама алды. Мұндай шаралар өңірде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Кейбір аудандарымызда қысқы спорт түрлерінен құрал-жабдықтар жеткіліксіз. Осы қысқы спорт түрлері облысымызда жылдан-жылға дамып,  алдағы жылда толықтай қамтылатынына сенімдімін.

????????????????????????????????????

Хангелді МАҚСОТҰЛЫ,

Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының

олимпиадалық спорт түрлерінен бас жаттықтырушысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*