Атыраудағы жағымсыз иістің қайдан шыққаны белгілі болды

Жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, мұнай өнімдерінің жағымсыз иісі облыс орталығына Атырау мұнай өңдеу зауытынан тараған болып шықты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан Қапанов мәлімдеді.

1497422898_article_b_1500_

Айтуынша, тұрғындар мен табиғат қорғау прокуратурасы өкілдерінің шағымдары бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында екі заңбұзушылық анықталды. Біріншіден, күрделі жөндеу барысында қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасы жасақталмаған. Сондықтан зауытқа 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (Бір миллион теңгеден астам – авт.) айыппұл салынды.

Ал, келесі заңбұзушылық – қолайлы емес ауа-райы жағдайына қатысты талаптар орындалмаған. Зауыт қала аумағында орналасқандықтан, жұмыс жүктемесін азайтуы керек еді. Оның үстіне, күн сайын «Қазгидромет» орталығынан дауылдың болатындығы жөнінде алдын ала ескертулер түсіп отырған. Заң бойынша әзірге ескерту ғана беріліп отыр. Ал, қайталанған жағдайда іс сотқа жолданбақ.

Айта кетейік, қаланы жайлаған жағымсыз иіске байланысты, 22 тамыздан бастап департаментке ондаған шағым түссе, соның көбісі – ұжымдық. Онда нақты нысан аталмаған соң, экологтар АМӨЗ-ді тексеруге асыға қоймаған. Тек прокуратурадан нұсқама берілгенде ғана іске кіріскен.

Өкінішке орай, газ талдауыш құралдардың болмауынан, шекті ұйғарымды концентрация анықталмады. Қалай болғанда да, бір сауал жауапсыз қалды: егер жазбаша шағымдар түспесе, аталмыш департамент қызметкерлері өткір иісті «сезбеген» болып жүре бере ме?..

Амандық Сағынтайұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*