Атыраудағы Назарбаев мектебінде Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік шара өтті (ФОТО)

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні айрықша тойланды. Барша қала тұрғындары үшін «Ашық есік күнінде» Елбасы мектебінде мерекеге орай бірқатар мазмұнды шаралар өтті. Әуелі облыстағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары үшін 2018-2019 жаңа оқу жылына үміткерлерді конкурстық іріктеу негізінде қабылдау туралы ақпараттық-кеңес жүргізілді.

9

Мерекелік шараның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген оқу орнының басшысы Айдарбек Айтбөкешев, жиналған жұртшылықты Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, мемлекет басшысының Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті. Еліміздің Әнұраны шырқалып Елбасына құрмет көрсетілген бұл күнде Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары көк аспанға 10 зымыранды ұшырды. Оның өзіндік мәні бар. Келер жылы Елбасының идеясымен елімізде іске асқан зияткерлік мектептерге 10 жыл толады. Ал жуырда ғана Нидерландыдағы Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өткен Атыраудағы оқу орнына 5 жыл болады.

8

Жылдағы дәстүр бойынша бұл күні оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен автошеру өтті. Мерекелік автошеруге 20 көлік қатысты. Мектептің баспасөз қызметі хабарлағандай, көліктердің жиырма болуының да өзіндік мағынасы бар. Қазір елімізде Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асқан жиырма зияткерлік мектеп жұмыс істейді.

1

«Ашық есік күнінде» келушілер үшін оқушылардың жетістігіне арналған ғылыми жәрмеңкелер, шығармашылық алаңдар мен қызықты лабараториялар жұмыс істеді. Одан соң мерекелік концерт ұйымдастырылып, шара соңында мектептің оқушылар қауымдастығына жетекшілік ететін жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтті.

2

Тұңғыш Президент күні мерекесінде Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Абай Лоран Әлмұхамед жиналған қауым алдында ант қабылдады. Мектеп парламентіне жетекшілік ететін Абай Лоран Әлмұхамедов өзінің бар күш-жігері мен ақыл парасатын, білімі мен шығармашылық қабілетін өңірдегі Елбасы мектебінің дамуына арнайтынын жеткізді. Осыған дейін мектептің оқушылар қауымдастығына 2 жыл жетекшілік еткен 11-сынып оқушысы Қуаныш Жалғасбаев, Абайға сәттілік тілеп, көшбасшылықтың тізгінін ұстатты.

3

7

5

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*