Атыраудағы халықаралық айтыста 2 млн теңге Шалқарбай Ізбасаровқа бұйырды (ФОТО)

Бүгін Атырауда өтіп жатқан “Рухани жаңғырған Қазақстан” атты халықаралық айтыс өз мәресіне жетті. 

ЕАС 804

Асанәлі Әшімов бастап, Светқали Нұржанов, Мереке Құлкенов, Есенғали Раушанов, Несіпбек Айтұлы, Ербол Тілешев, Алтынбек Қоразбаев, Бауыржан Қалиолла қостаған қазылар алқасының шешімімен халықаралық айтыстың Гран-Приі мен 2 млн теңге атыраулық Шалқарбай Ізбасаровтың қанжығасына бұйырды.

ЕАС 764

Бірінші орын және 1,5 млн теңгені Қытайдан келген қандасымыз Жәмиға Дәулетова иеленді.

ЕАС 749

Екінші орынды оралдық Жансая Мусина мен астаналық Еркебұлан Қайназаров өзара бөліссе, ал, үшінші орынға қытайлық Ерлан Абанқожа, шымкенттік Анар Жаппарқұлова, ақтаулық Абай Жалмағамбетов лайық деп танылды.

ЕАС 783

ЕАС 440

ЕАС 381

ЕАС 421

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*