«Атыраудағы елеулі есім»

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театры мен «Атырау» телеарнасы қолға алған жоба  осылай деп аталды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жердің перзенттерін ұлығылау мақсатындағы  жобаның алғашқы қонағы аймаққа кеңінен танымал азамат Төкен Танаұлы болды.

7e676209862f8984f7bf47fa044e4184-700x395

Ол – еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында кәсіпкерлікті терең меңгеріп, өңірдің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан тұлға. Сондай-ақ, Төкен Танаұлы Атыраудағы халықаралық, республикалық шаралардың белсенді қолдаушысы, ат спортын насихаттауда өткізіліп жүрген аламан бәйгелердің демеушісі ретінде дүйім жұртқа мәлім. Оның өңірінде «Құрмет», «Парасат», Тәуелсіз елдер достастығының «Достық жұлдызы»  ордендері мен бірнеше медаль жарқырайды.

Театр режиссері Жаннат Телтаевтың хабарлауынша, Төкен Танаұлы мен жұбайы Дина Есімқызымен кездесу сыр-сұхбат форматында өтті. Кейіпкердің бүгінге дейінгі өмір жолдары сараланып, салиқалы әңгімелер айтылды. Бағдарлама қонағы туған жердегі балалық шағы, қасиетті қарашаңырағы, ел дамуындағы еңбегі, атқарған абыройлы қызметі туралы сыр шертті. «Мен Төкен Танаұлымын» ғұмырнамалық романы желісінен театр актерлері сахналық көріністер қойып, кейіпкердің кешегі, бүгінгі бейнесін сомдады.

Ал, бағдарламаның келесі  кейіпкерлері болып  Амангелді Селбаев, Нұрпейіс Мақашев, Өнербек Жанбала, Өмірзақ Қажымғалиев  сынды  өлкенің есімі елеулі  азаматтары шақырылады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*