Атыраудағы Әдеп кеңесінде қалалық бөлім басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Атырау облысы әкімдігінің ғимаратында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Іс-шараны аталған департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов ашты.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысының барысында 6 мәселе талқыланды. Атап айтсақ, Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Н.Т.Хабиеваға қатысты тәртіптік іс, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Атырау қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларға жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары және Әдеп жөніндегі кеңестің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселесі қарастырылды.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен, «Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары» нысаны бойынша жұмыстар толық аяқталмағанына қарамастан, бөлім басшысы Н.Хабиева мердігер мекемеге қаржы көлемін толық аудару арқылы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік елеулі теріс қылыққа жол берген. Салдарынан, Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін Н.Т.Хабиеваға «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

Айқара Ғұмар

Фото uapo.ru сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*