Атыраудағы ауруы асқынған Айсұлуға тез арада көмек керек (ФОТО)

Атыраулық Айсұлу Жалғасбаева он жылдан астам уақыт бойы өкпе туберкулезімен ауырып келеді. Жасы 28-ге келген бойжеткеннің денсаулығы соңғы алты ай ішінде тым нашарлап кетті. Қазір тіпті, күнделікті ас қабылдауға да шамасы келмейді. Жалғыз қызын жамандыққа қимайтын ана жүрегі ақ халаттылардың қатал үкіміне сенгісі жоқ. Қалай болса да, емдеп шығуға ниетті.

ANU_8838

Ал, дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, науқастың көрер жарығы аз қалған.

ANU_5533

– Жолдасым осыдан 14 жыл бұрын қайтыс болды. Қызым керек кезде ауруханада жатып, емделіп тұрды. Енді жағдайы күннен-күнге нашарлап барады, қозғалысы қиын. Осыған дейін ешкімге алақан жаймай, оны өз күшіммен бағып келдім. Наурыз айында облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне жатқыздым. Барлығы 14 кішігірім және екі көлемді ота жасалды. Алты қабырғасы мен бір өкпесі алынып тасталды, – дейді Айсұлудың анасы Бибігүл.

Перзентінің шыбын жаны үшін шырылдаған ана бірнеше рет несиеге қаржы да алған. Әйтсе де, ол ешқайда жетер емес. Ендігі үміт – Астрахан қаласына апарып, ота жасатып, соңғы мүмкіндікті қарау. Бәлкім, сонда беті бері қарар. Ол үшін 1 миллион теңге қажет.

ANU_5537

– Мұндай дертке шалдыққан жандар күніне 15-17 таблетка дәрі ішуі тиіс. Бірақ, Айсұлуға аса күшті дәрілерді қабылдауға болмайды. Себебі, жүрегіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Ауру асқынып кеткендіктен, қолдан келер қайран болмай отырғанын анасына да талай айтқанбыз. Қазір тәбетін ашатын дәрілер егіп, жанына батқан ауруын жеңілдету үшін бар жағдайды жасап жатырмыз, – дейді дәрігерлер.

Аман ШАМАР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*