Атыраудағы 41 мектепте көше шамдары ауыстырылады

Жаңалықтар

Атыраудағы 41 мектепте көше шамдары ауыстырылады. Бұл туралы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қабиденов өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Уличные_фонари

«Қаланың көптеген мектептерінде көше жарықтары жарамсыз болып қалған. Олар орнатылғалы бері ондаған жылдар өтті. Салдарынан балалар да, ата-аналар да мектеп аумағында көше шамдарының болмағанына шағымданды. Ал жарық болмаған жағдайда мектептен кешкі уақытта қайтатын балалардың қауіпсіздігіне қатер төнетіні белгілі. Сондықтан биыл 41 мектептің жарығын ауыстыру туралы шешім қабылданды», – деді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қабиденов.

Оның айтуынша, көше жарықтарын ауыстыруға арнайы тендер өткізіліп, жұмыстар басталып кеткен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *