Атырауда велоспорт мектебі ашылды

Атырауда «BikeRide Atyrau-2018» алғашқы велошеруі аясында қайырымдылық аукционы өткен болатын. Аталған аукционда меценаттар балалар веломектебіне қажет жабдықтар алу үшін 35 млн теңгені сыйға тартты. Жоба Мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

20180510170054

Атырауда алғаш рет ашылған веломектеп балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында құрылған. Онда 10-16 жас аралығындағы 80 бала велосипед шеберлігін меңгереді.

Айта кетейік, Атырау облысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында меценаттардың қолдауымен 1200 орындық 6 балабақша, 2500 орындық 8 спорт кешені салынды. «Ретропарк», «Сазанқұрақ», «Атамекен», «Жеңіс» демалыс саябақтары да пайдалануға берілді.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*