Атырауда трансформаторға шығып, наразылық танытқан дағыстандық азаматтың арызы тексерілуде

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде сағат 18:30-да Нұрсая ықшам ауданындағы 17 үйдің маңындағы трансформаторға ер адам шығып алып, наразылық білідіріп тұрғаны жөнінде полицияға хабар түсті. Артынша оның дағыстандық азамат екені анықталған. Бұл туралы редакциямызға Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

foto-transformator

Оқиға орнына барған қызметкерлер оның 1963 жылы туылған Ресей Федерациясы Дағыстан Республикасының азаматы екендігін анықтаған. Ол қуат көзінің үстінде тұрып өзінің еңбекақысын талап еткен. Белгілі болғандай, дағыстандық азамат бригадир қызметін атқарған «Казстройарсенал» ЖШС Нұрсая ықшам ауданында тұрғын үйлер құрылысын жүргізіп жатқан көрінеді.

– Талап етуші азамат трансформатордан аман есен түсіріліп, Атырау ҚІІБ жеткізілген. Оның алкогольдік ішімдік ішкені анықталған, – дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*