Атырауда Toyota автокөлігі Hyundai көлігіне соқтығысып, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен (ФОТО)

25 қараша күні, сағат 13:30 шамасында Атырау қаласы Құрманғалиев көшесінде Hyundai Elantra және Toyota Land Cruiser автокөліктері соқтығысып, нәтижесінде Toyota автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

1

Кейін анықталғандай, Hyundai автокөлігі жүргізушісінің жанында отырған жолаушы – 1991 жылы туған азамат, қашуға тырысқан Toyota жүргізушісінің артынан қуып, күш көрсетіпті.

2

Бүгінде Toyota Land Cruiser автокөлігінің иесі – 1990 жылы туған Индер ауданының тұрғыны екені анықталды. Ол өз көлігін туысы, 1990 жылы туған атыраулык азаматқа басқаруға сеніп тапсырған.

Қазіргі кезде Қылмыстық Кодекстің 293-інші бабы, 2-інші бөлігі, яғни «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 Айқара Ғұмар

Фото Атырау облыстық ІІД-нің Facebook-тегі парақшасынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*