Атырауда таңғы жаттығуға 2 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты

Атырау қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының жолдаған «Сенің жаңа қырың» челленджін қолдады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20180526-WA0010

Флешмоб облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алаңында өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға және дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған.

Таңғы жаттығуға 2 мыңға жуық қала тұрғыны қатысқан. Ірі көлемдегі «Сенің жаңа қырың» спорттық шарасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Атырау облысында өткізіліп отырған алғашқы республикалық флешмоб.

Ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес, таңғы жаттығу гимнастикасы республика бойынша бір уақытта болған. Ауқымды шара Ақтау, Оңтүстік Қазақстан, Шымкент, Петропавл және Өскемен қалаларынан арнайы Астана қаласына тікелей телекөпір арқылы көрсетілді.

IMG-20180526-WA0006

«Бүгінгі таңғы жаттығу гимнастикасына Атырау жұртшылығы үлкен атсалысып, қатысып жатыр. Бұл шараның басты мақсаты – аймақтағы бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын ұстану. Өңірімізде тұрғындардың 27,5 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады», – дейді Атырау облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сенің жаңа қырың» атты ауқымды акцияны бастаған-тұғын. Мұнда Президент қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырып, әрқайсысына мысал көрсеткен болатын.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*