Тәртіптік жазаға тартылған қызметкерлер саны неге көп?

Өткен жылы облыс бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер саны – 762 болса, олардың  230-дан астамы лауазымды қызметтегі тұлғалар.

1461821421_1436252958_court-1200

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Кезекті отырыста қаралған бес мәселенің басым бөлігі өткен жылы атқарылған жұмыс қорытындыларына арналды. Департаменттің бас маманы Гүлшат Наубаева аймақтағы жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелеріндегі тәртіптік комиссиялардың жұмысында орын алған кемшіліктерді тізіп берді.

– Құқық бұзушылықтар негізінен мемлекеттік орган басшыларының тарапынан ведомстволық бақылаудың әлсіздігінен және тәртіптік комиссия мүшелері мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің өз міндеттерін жетік білмеуінен орын алған деп пайымдауға болады, – деді ол.

Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов та мемлекеттік мекемелердегі тәртіптік комиссиялар жұмысының төмендігін атап өтті.

– Біздің негізгі мақсатымыз – азаматтарды жауапкершілікке тарту емес, мемлекеттік жұмысты жетілдіру. Алайда, тәртіптік комиссиялар өз міндеттерін жеткілікті атқармай жүр,-деп нақтылады кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Жиын барысында адамның наркологиялық, психикалық есепте тұрмағандығы жөніндегі анықтаманы электронды жүйеге көшіру жайы да сөз болды. Алайда, өзге өңірлерде қолданысқа енбеген бұл жүйенің жуық арада облысымызда да жүзеге аса қоюы екіталай. Себебі, құзырлы орган өкілдері бұл мәселемен айналысатын  маманның жоқтығын айтады.

Кеңес төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қатысты сыртқы талдау, мониторинг жұмыстарының тиімділігіне тоқталды. Мекеме басшылары өз ұжымдарындағы кемшіліктерді жасырмауы тиіс. Т.Жұмағұловтың айтуынша, мұндай жағдай керісінше мәселені ушықтырып, жемқорлыққа жағдай туғызады.

Құзырлы орган басшыларына нақты тапсырмалар жүктеген кеңес төрағасы отырыс соңында  Әдеп жөніндегі жаңа уәкіл Азамат Айманакумовты таныстырды.

Данияр АЛТЫБАЙ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы:

– Өткен жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген 1,7 млн. мемлекеттік қызметтің 31,2%-ы қағаз түрінде, 5,8%-ы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, ал, қалған 63%-ы электронды түрде жүргізілген. Жергілікті атқарушы органдармен электронды түрде көрсетілген қызметтер көрсеткішінің динамикасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 24%-ға өскен.

Мәлике Мәлік

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*