Атырауда түрме қызметкерлері сотталды

Атыраудың №2 қалалық сотында билік немесе қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы редакциямызға облыстық соттың баспасөз қызметі хабаолады.

394f4fea427a864470f80c53ad96920d_XL

– Тергеу барысында анықталғандай, УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлері Ж.Д. және А.Е. жазасын өтеп жатқан Т.М.-ға ішкі тәртіп талаптарын орындамағаны үшін күш қолданған, – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Сот отырысында айыпталушылар кінәларын мойындады.

– Ж.Д.-ға ҚР Қылмыстық Кодексінің 370-бабы 2-бөлігі бойынша жаза тағайындалды. Оған қатысты аға лейтенант шенінен айыру, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру, 3 жылға бас бостандығын шектеу үкім етілді. А.Е. ҚР ҚК 362-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп табылып, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол капитан шенінен, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан да айырылды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*