Атырауда түнгі марафон кезінде бірнеше көше жабылады

7 шілде күні Атырауда Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай түнгі марафон өтеді. Осыған орай, Әбілқайыр хан көшесі мен Сәтпаев көшесінен орталық көпірге дейін жүгіретін жолдар сағат 21:00-ден 00:00-ге дейін жабылады.

Screenshot_1

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнгі марафонға қатысушылар ерекше жарқыраған спорттық костюмде келуі тиіс. Жүгірушілер үшін қашықтық 5 шақырымды құрайды. Оларға неон білезіктер беріледі. Ал мәреде медальдар, мерекелік отшашу мен дискотека ұйымдастырылмақ.

Іс-шара соңында түнгі марафон ұйымдастырушылары ең креативті және «ең жарқыраған киімді» таңдайды.

Түнгі марафон 7 шілде күні, сағат 23.00-де Атыраудағы мұз сарайының алдынан басталады. Мәре – Атырау облыстық әкімдігі ғимаратына дейін. Марафонға 14 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады.

Айта кетейік, марафонға қатысу үшін тіркелу қажет етпейді. Барлық қатысушыларға “ATYRAU MARATHON” медальі мен сыйлықтар беріледі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*