Атырауда ұсталған браконьерлер қарсылық танытқаны үшін соттала ма?

Атырау облысында браконьерлік әрекеттерге қарсы күреске бағытталған «Бекіре-2017» операциясының күзгі кезеңі басталды. Бүгінгі күннің өзінде 11 адам тұтқындалған. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

93479_b0

– ҰҚКД, полиция және орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауларынан заңсыз балық аулауда пайдаланылған 20 жүзу құралын тапқан. Олардың иелері билік өкілдеріне айтарлықтай қарсылық көрсеткен.

11 адамға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 667-бабының (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Исатай аудандық сотының қаулысымен 11 адам айыпты деп танылып, оларға 3 тәулікке әкімшілік қамау жазасын қолдану туралы шешім шығарылды, – дейді Атырау облыстық прокуроры Ернат Сыбанқұлов. Жүзу құралдары айып тұрағына алынған.

Бұдан тыс, прокуратурадағылардың айтуынша, «Toyota Surf» маркалы автокөлігінің жүксалғышынан 3 бекіре және 2 қап частик балығы табылған. Осы факті Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*