Атырауда сиырдың 75 пайызы егілді

Бүгінгі таңда облыстағы барлық мүйізді ірі қара малының 75 пайызы нодулярлы дерматитке қарсы міндетті екпемен қамтылған. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ ветеринария және ауыл шаруашылығы мәселелері мәселелері  жөнінде өткен селекторлық мәжілісте мәлімдеді.

2-575x431

Биыл аса қауіпті жұқпалы аурудан қорғану мақсатында республикалық бюджет есебінен Атырау облысына 250 мың дозадан астам вакцина жіберілген. Сәуір айында басталған жаппай егу жұмыстарының нәтижесінде қазіргі уақытқа дейін есепке алынған 152 мың мүйізді ірі қара малының 115 мыңы немесе 75 пайызы егілген. Ағымдағы айдың соңында бұл жұмыстар толықтай аяқталады деп күтілуде. Ал, ветеринар мамандар аталған ауру қайтадан бас көтермес үшін  жұртшылық арасында дерматит дертінің қауіптілігі туралы түсінік–насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Мәжілісте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өзінің орынбасары Сәлімжан Жұмашұлы мен аудан әкімдеріне малдәрігерлік сала мамандарының біліктілік деңгейін арттыру және  оларды болашақта мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру жөнінде тапсырма берді. Оларды тұрғын жаймен қамтамасыз етуді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру бағдарламасын жасау жөнінде тапсырма берді.

–Біз жас мамандарға қолайлы жағдай туғызып, баспанамен қамтамасыз етуіміз керек,–деді Нұрлан Асқарұлы. –Шетелдік жоғары оқу орындарының көмегіне жүгініп, өзімізге қажетті ветеринар мамандарды даярлауымыз қажет. Мәселен, Ресейдің Санкт–Петербург қаласында мемлекеттік ветеринария академиясы бар. Бұл ТМД аумағындағы осы саладағы үздік те үлгілі оқу орындарының бірінен саналады. Ендеше, осында дәріс алуға лайықты студенттерді жергілікті қазына қаражатына оқытып, кейіннен оларды аудандарға жолдамамен жіберіп, қызметтік пәтермен қамтамсыз етудің шарасын алуымыз керек. Өйткені, дәл сол мамандар келешекте тек өңірдегі мал шаруашылығының ғана емес, тұтастай ауыл шаруашылығының өсіп–өркендеуіне өз үлестерін қосатынына сенімдімін.

Дәулетқали АРУЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*