Атырауда шетелдіктер жұмыстан шығарылып жатыр

Атырауда төрт шетелдік мамандығы бойынша дипломы сәйкес келмегендіктен жұмыстарынан айырылды.

uvolili-s-raboty-chto-delat

– Инспекторлар бұл фактіні Кью И Ди және Уорли Парсонс компаниясында анықтады. Төрт шетелдік дипломына сәйкес келмейтін жұмыспен айналысқан. Тағы бір жағдайда, шетел азаматы рұқсаты жоқ бола тұра бас директордың лауазымын атқарған. Оларға ӘҚтК бұзғаны үшін 4,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды, – деп хабарлады ӨКҚ брифингінде облыстың мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров. Оның айтуынша, басқа компанияларда да қосымша тексеру жүріп жатыр. Тексеру барысында жұмысқа алған кезде заң бұзғаны үшін Қазақстаннан кететін тағы алты шетелдік анықталды.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*