Атырауда үшем дүниеге келді (ФОТО,ВИДЕО)

19 желтоқсанда Атыраудағы облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Орталықтың екінші кезең шала туылған нәрестелерді күту бөлімінің меңгерушісі Түрлен Бегееваның айтуынша, әйел жүктілігінің 34 аптасында қан қысымы көтеріліп орталық мамандарына келіп қаралған. Дәрігерлер анаға дер кезінде көмек көрсетіп кесір тілігі арқылы үшемдерді аман сақтап қалды.

f89322d073551cee9a4825af743ab3a5

– Үшеуі де қыз бала. Біріншісінің салмағы – 2 келі 390 грамм, екінші қызының да салмағы – 2 келі 260 грамм, үшінші қыздың салмағы – 2 келі 590 грамм. Сәбилердің бәрі де ерекшеліксіз, ота бөліміндегі неонотолог дәрігерлердің қадағалауынан өтті. Үшеуінің де дені сау. Анасы денсаулығына байланысты жансақтау бөлімінен шықты. Қазір өздеріне жеке бөлме дайындалып бөлек шығарылды. Сәбилердің қимылы ширақ, өздігінен еме алады. Мерзімінен ерте туылған соң балалардың денсаулықтары әлі де дәрігерлер бақылауында болмақ, ⁃ дейді Түрлен Мүздейқызы.

780e0d013016e5b894a00db59f2965e5

Бір мезетте үш бұрымдының анасы атанған отыз бір жастағы Бағдат Дәулетиярованың бұл – төртінші жүктілігі. Бұған дейін Аманжол мен Бағдаттың жанұясында екі ұл, бір қызы бар.

Қуаныштысы, айы-күніне жетпей туылса үшемнiң де, анасының да денсаулығы жақсы. Қазір күтім алуда. Біраз салмақ қосқан соң үшемдер көп кешікпей аман-есен үйіне шығарылмақ.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

Видео atyrautv.kz сайтынан алынды

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*