Атырауда шаруа қожалығы қолынан айырылған қызметкеріне 5 млн теңге төлейді

Атырауда сот шаруа қожалығынан бұрынғы қызметкердің пайдасына 5 млн теңге өндіріп берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20170518200122

Құрманғазы аудандық сотына шаруа қожалықтарының бірінің жұмысшысы келіп, жұмыс барысында өзінің денсаулығына зиян келгендігін және моральдық тұрғыда зардап шеккендігін айтып шағымданған. Өзіне келтірілген зиян үшін ол шаруа қожалығы иесінен өтемақы ретінде 20 млн теңге өндіріп беруді сұраған. Қызметкер шағымында 2002 жылы қожалықта электрик болып қызмет еткендігін, сол уақытта басшының тапсырмасымен электр монтаждау жұмысын жасап жатқанда, оны тоқ соққанын жазған.

Соның салдарынан ер адам екі қолынан айырылып, бірінші топтағы мүгедек болып қалған. Бұдан бұрын сот оның пайдасына кәсіпорыннан материалдық залалдың орнын толтыру есебінен белгілі бір сома өндіріп берген. Сот жұмысшының шағымын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына шаруа қожалығынан 5 млн теңге өндіріп берді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*