Құрылыс саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді

Атырауда 14 тамыз күні құрылысшылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Сала қызметкерлерін кəсіби мерекелерімен Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады.

WhatsApp Image 2018-08-15 at 08.06.44

Өңір басшысы азаматтардың өмір сүру сапасы мен маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу саланың жұмыс нəтижелеріне тікелей байланысты екеніне баса назар аударып, құрылысты республиканың экономикалық дамуының локомотивтерінің бірі деп атады. Ол бүгінгі күні құрылыс саласын дамыту үшін көп мүмкіндіктер жасалып жатқанына тоқталды.

Сіздер ел экономикасына орасан зор үлес қосып отырсыздар. Өткен кезеңдерде қандай технологиялар пайдаланылғаны құрылыс саласының ардагерлерінің есінде. Қазір Мемлекет басшысының саясатының арқасында біз бұл салаға жаңа технологияларды тартудамыз, жаңа материалдарды пайдаланудамыз. Мұның барлығы салынып жатқан əлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымның сапасын жақсартуға ықпал етеді. Бұл бірегей архитектуралық құрылыс салуға мүмкіндік береді, – деді Нұрлан Ноғаев.

2018 жылы өңірде 3892 пəтерлік 44 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, 34 үй биыл пайдалануға беріледі. Бұл тұрғын үй құрылысының тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіші. Бұдан бөлек, бүгінгі күні облыста 3214 орындық 16 балабақша салынуда, оның 14-ін жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда. Оқу орындарының құрылысы да белсенді жалғасын тапқан. 2018 жылдың соңына дейін 1968 орындық 8 мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Ал, салынып жатқан 6 мектеп келер жылы пайдалануға беріледі. Денсаулық сақтау, мəдениет жəне спорт объектілері де назардан тыс қалмауда. Биыл 8 денсаулық сақтау объектісі, 6 мəдениет үйі, спортты дамытуға арналған үш объекті ел игілігіне берілмек.

Ал 2017 жылы Атырау облысында 371 шақырым жол салынды, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары. 2018 жылы 280 шақырым жолды асфальттау жоспарланды.

Өңір басшысы бұл үлкен жұмыстың бір бөлігі ғана екенін атап өтті. Елді мекендерді абаттандыру бөлігінде ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Сонымен қатар жыл сайын əлеуметтік объектілер-ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салуға жəне жөндеуге бөлінетін бюджет қаражатының көлемі ұлғаюда.

Сіздердің міндеттеріңіз жаңа технологияларды пайдаланып, кəсіби деңгейді көтеріп бəсекеге қабілетті болу. Қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, сапалы объектілер салу қажет. Сіздердің еңбектеріңізбен салынып жатқандардың барлығы қоғамның əл-ауқатына əсерін тигізеді. Біз өз тарапымыздан республикалық, облыстық бюджеттердің қаржыландыруын, жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаттарын пайдаланып бүгінгі күні тұрғындарға өмірлік қажет объектілердің құрылысын салуға өтінімдер береміз. Баршаңызды кəсіби мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сіздерге жəне отбасыларыңызға бақ-береке, өсіп-өркендеу, тыныштық пен бейбітшілік тілеймін,– деді Нұрлан Ноғаев.

Салтанатты жиында құрылыс жəне жол саласының үздік қызметкерлері “Құрметті құрылысшы”, “Құрметті сəулетші” төсбелгілерімен, Инвестиция жəне даму министрлігінің, облыс əкімдігі мен мəслихатының алғыс хаттарымен марапатталды.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*